Нұр-Сұлтанда 1143 қызметкердің жалақы қарызы өтелді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда 1143 қызметкердің жалақы қарызы өтелді
ашық дереккөз

«Биылғы жылы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары жоспардан тыс 94 тексеру жүргізді. Барлық фактілер бойынша бұзушылықтарды жою туралы талаппен 44 бұйрық шығарылды, сонымен қатар 21 лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 5,6 млн.теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды» - деді Ерлан Исмағұлов. Айта кету керек, апта сайын Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде елорда кәсіпорындарындағы еңбекақы және өндірістік жарақат мәселелерін қарастыратын жұмыс тобы жұмыс істейді. Бүгінде елордада жұмыс істеп тұрған 50 095 кәсіпорын бар, оларда 478 200 азамат жұмыс істейді. Жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар компаниялар қатарында «Респект-Строй 2017» ЖШС-і тіркеліп, 53 жұмыскерге 24,6 млн.теңге сомасында жалақы өтелмегені анықталған. Компания басшысына қатысты қылмыстық іс қозғау үшін материалдар Нұр-Сұлтан полиция бөліміне жіберілді.