Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтер 100% автоматтандырылады - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтер 100% автоматтандырылады - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115436314325227.webp)
Қала әкімі Алтай Көлгінов кез келген заң бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанып, әсіресе құрылыс, отын-энергетика кешені мен коммуналдық қызметтер, қалалық қоршаған орта мен сапаны бақылау салаларында кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауды тапсырды. Осы ведомстволармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіруге тапсырма берді. Құрылыс басқармасының басшысы Самат Сәрсенғалиев алаяқтардың басқарма қызметкерлері атынан құрылыс ұйымдарына ақылы көмек ұсыну фактілері болғанын атап өтті. Аталған фактілер бойынша Полиция департаментіне арыз жолданды, мердігерлер өкілдерімен осылардың алдын алу үшін әңгімелесу жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, Полиция департаментінің, қалалық прокуратураның, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшылары, әкімдік басқармаларының басшылары және т.б қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында әкімдік мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың өндірістік емес шығындарын азайту бойынша жұмыстар жүргізді. Әкімдіктің жергілікті бюджетін оңтайландыру 35 млрд теңгені құрады. Үнемделген қаражат әлеуметтік салаға бағытталған. Экономиканың және инфрақұрылымның нақты секторын қолдауға 16 миллиардтан астам теңге бөлінді: бұл қаржы апатты үйлерді бұзуға, жолдар, аулалар, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға арналған. Білім беру жүйесін дамытуға, денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаға 7 миллиард теңге бөлінді: бұл қаржы балабақшалардағы қосымша орындар, медициналық жабдықтар сатып алу, аз қамтылған азаматтар санатына әлеуметтік көмек көлемін ұлғайтуға бағытталған. ШОБ-ты қолдауға 5 миллиардтан астам қаржы бөлінді. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға арналған.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)