Елордадағы жекеменшік секторлардың газификацияға дайындығы тексерілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы жекеменшік секторлардың газификацияға дайындығы тексерілді
ашық дереккөз

«КазТрансГаз Аймак» АҚ өкілдері үйлердің биылғы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Рейд барысында мамандар газ құбырларын үй ішіне кіргізу және монтажға байланысты жұмыстардан бірқатар бұзушылықты анықтады. «Біз монтаж және үй ішіне газ тарту желілерінен бөлек, жобалау мен құрылыстың техникалық шартына және алдағы уақытта газданыру жүйесіне қосылу жөнінде бірқатар бұзушылықты анықтадық. Бұл нысандардың барлығында абоненттердің техникалық шартты алмағаны көрініп тұр. Осыған сәйкес, олар монтаж жөніндегі талаптан хабарсыз болған. Өз кезегінде мердігер ұйым тарапынан да абоненттерге біздің фронт-кеіселерімізден техникалық шартты алуға міндетті екені туралы ақпарат айтылды», – деді «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың елордадағы өндірістік филиалының директоры Нұрлан Сармұқанов. Оның айтуынша, қауіпсіздік шартын орындамай, бұзушылыққа жол берген жекеменшік сектор тұрғындары мердігер ұйымға жүгінуі керек. «Егер ескертуіміз орындалмаса, талапқа сәйкес, аталған желілерге газ тартуға құқығымыз жоқ. Бұзушылық орын алған жерді мердігер ұйымдар қалыпқа келтіруге міндетті емес. Абоненттердің өздері құқықтарын пайдалана отырып, тиісті мекемеге жүгініп, осы жұмысты реттеуі тиіс», – деді филиал директоры. Сонымен қатар ол үйлерге газ тарту жұмыстарын жүргізу үшін азаматтардың техникалық шарт алуға асығулары керек екенін атап өтті. «Елордада фронт-кеңсеміз 3 тұрғын алапта бар. Олар – «Көктал-1», «Теміржолшылар» және «Өндіріс». Бұл фронт-кеңселер тұрғындардың жылыту маусымына дайындалып, техникалық шарт алуы үшін және газ қазандықтары мен жабдықтарын алуы мақсатында құрылған. Әкімдік бізге қалай келесілерін пайдалануға беру үшін басқару келісімін береді, біз де абоненттерге қосу жұмысын жүргіземіз. Пайдалануға беру кезінде оқыс жағдайлар орын алмас үшін «КазТрансГаз Аймақ» АҚ тұрғындарға барлық сұрақ бойынша кеңес беріп, ақпаратты мердігер ұйымға дейін жеткізеді. Бұған дейін бізде техникалық шартты бермес бұрын кездесулер өтті», – Нұрлан Сармұқанов. Естеріңізге салсақ, әкімдік газдың тарифын нақтылаған болатын. Хабарламаға сәйкес, елордадағы газдың текше метрі 45 теңгеге дейін төмендеді.