Оқушылар мен студенттер арасында әл-Фараби туралы үздік эссе байқауы өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Оқушылар мен студенттер арасында әл-Фараби туралы үздік эссе байқауы өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115452530356225.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері мәселелерін зерттеу орталығы «Қайырымды қала тұрғындары» тақырыбында үздік эссе байқауының басталғанын жариялады. Шара ұлы ойшыл Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында өткізілуде. Байқауға елордалық мектеп оқушылары (8-11-сыныптар) және жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатыса алады. Қатысу тегін және ерікті түрде. Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Мектеп оқушылары үшін эссе көлемі кемінде 2 бет, ал жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін А4 форматында кем дегенде 3 бет. «Қатысушылар жұмыстарын өздері таңдаған тақырып бойынша ұсына алады. Мысалы, «Әл-Фарабидің өмірбаяны», «Ұлы ойшылдың рухани мұрасы», «Әл-Фарабидің ғылыми және шығармашылық жұмыстары», «Әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесі», «Әл-Фараби идеяларының қазіргі қоғам үшін өзектілігі». Жұмыстар 17-27 қыркүйек аралығында қабылданады», - делінген хабарламада. Жұмыстарды бағалау және жүлделі орындарды анықтау 27-29 қыркүйек аралығында, жеңімпаздарды марапаттау және сыйлықтарды ұсыну 29-30 қыркүйек аралығында өтеді деп күтілуде. Бірінші орынға сыйлық - ноутбук, екінші орынға - планшет, үшінші орынға - смартфон. Конкурс туралы толық ақпаратты 8 708 837 53 54, 8 775 868 20 00 телефон нөмірлері арқылы алуға болады. Пошта: cipr_2013@mail.ru.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)