№3 қалалық ауруханада тері ауруларымен ауыратын науқастарға арнайы жақпа майды тегін беруде

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
№3 қалалық ауруханада тері ауруларымен ауыратын науқастарға арнайы жақпа майды тегін беруде
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы 50/2 мекенжайы бойынша орналасқан № 3 көпбейінді қалалық аурухананың дерматологиялық бөлімінде созылмалы дерматозбен ауыратын науқастарды диспансерлеу жүргізілуде. Мамандар экзема, буллоза эпидермолизі, атопиялық дерматит, ихтиоз, псориаз, пемфигус, Дюринг дерматиті бар науқастарды қабылдауға шақырады. Ұзақ мерзімді ремиссияға жету үшін, теріні күту үшін «Бепантен» ылғалдандыратын кремі тегін беріледі. Сұрақтар бойынша байланыс телефондары: +7 778 078 81 87, 8(7172)39-64-59 тіркеу бөлімі.