Елордалық полицейлер кәріз люктерінің қақпақтарын ұрлағандарды ұстады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық полицейлер кәріз люктерінің қақпақтарын ұрлағандарды ұстады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211544798205244.webp)
Криминалдық полиция қызметкерлері елорда аумағындағы люктердің шойын қақпақтарын ұрлаумен айналысқан бір топ ұрыны ұстады. Олар Солтүстік Қазақстан облысының 23 жасар азаматы және Қостанай облысының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. 1 қыркүйектен бастап күдіктілер 15 қақпақ ұрлағаны белгілі болды. "Түнгі уақытта БМВ автокөлігімен жігіттер индустриалық парк аумағына келіп, люктердің қақпақтарын ұрлап кеткен. Ұрылар мінген автокөлік бейнекамераларға түскен, содан кейін көлік иесі анықталып, ұсталды. Қақпақтарды жігіттер орман зауыты аумағындағы металл қабылдау пунктіне тапсырған. Нәтижесінде 15 шойын қақпақ тәркіленді", - деді полицейлер. Ұрланған мүлікті сатып алушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабы бойынша қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілуде. Сонымен қатар, ол "ұрланған мүлікті сатып алушы" ретінде есепке алынады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар уақытша изоляторға қамалды. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. "Кәріз люктерінің қақпақтарын ұрлап, қаскүнемдер ең алдымен азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіргенін атап өткіміз келеді. Бұл ашық кәріз люктеріне құлап қайтыс болған екі кәмелетке толмаған баланың өлімі фактілерінен айқын көрінеді", – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)