Сарыарқа ауданында мыңнан астам жарық диодты шамдар орнатылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сарыарқа ауданында мыңнан астам жарық диодты шамдар орнатылды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданында 8 көшеге 2000 дана шамдар орнату жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде аудан аумағында мыңнан астам осындай шам орнатылған, деп хабаралйды Елорда Инфо аудандық әкімдікке сілтеме жасап.   “Еңбекпен қамту жол картасы” бағдарламасымен ЖКУ шамдарды (натрий шамы бар) барынша жарық, бірақ үнемі жарық диодты шамдарға  ауыстыратын, көше жарығын жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Бүгінде 1051 данасы ауыстырылды. Біржан Сал көшесі -0,3 км.(Есенберлин көшесінен Гете көшесіне дейін) –  57 дана ауыстырылды, жұмыс аяқталды. Бөгенбай Батыр даңғылы - 2 км. (Уәлиханов көшесінен Мәскеу көшесіне дейін)- 316 дана ауыстырылды,  жұмыс аяқталды. Жеңіс даңғылы - 3,2 км.  (Есіл жағалауынан Біржан Сал көшесіне дейін) - 132 дана ауыстырылды, жұмыс жалғасуда. С.Сейфуллин көшесі- 1,9 км. (Республика даңғылынан Күмісбеков көшесіне дейін) –  95 дана ауыстырылды, жұмыс жалғасуда. Республика даңғылы -1,1 км.(Бөгенбай  Батыр даңғылынан Гете көшесіне дейін) – 95 дана ауыстырылды, жұмыс жалғасуда. Қосшығұлұлы - 1,1 км. (Күмісбеков көшесінен Бейсеков көшесіне дейін) – 169 дана ауыстырылды, жұмыс жалғасуда. Н.Тлендиев даңғылы- 7,3 км. (Мәскеу көшесінен айналма жолға дейін) –  204 дана ауыстырылды, жұмыс жалғасуда. Бигельдинов көшесі, 0,5 км. (Сарыарқа даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін) – 14 дана ауыстырылды, жұмыс жалғасуда. Жарық диодты шамдарды пайдаланудың жақсы жағы, олар табиғи жарыққа жақын таза жарықты бере алатындығы болып табылады. Бұл болса, түнгі уақытта көшені жарықтандырып,  жолды жүргізушілер үшін де, сондай-ақ жаяу жүргіншілер үшінде барынша жарық әрі қауіпсіз етеді. Сонымен қатар көшеге арналған жарық диодты шамдар электр қуатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл болса, өз кезегінде бюджет қаражатын үнемдейді. Үнемдеу  35-40% құрайды. Жарық диодтарды пайдаланудың ұзақ мерзімі қызмет көрсетуге жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді.