Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған 460-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған 460-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115447426426072.webp)
Елордада карантин режимін сақтау бойынша рейдтер жалғасуда, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Мобильді топ 12 және 13 қыркүйекте Алматы ауданында 20 ШОБ субъектісін тексеріп, 4 карантин талаптарын бұзған нысан анықтады; Байқоңыр ауданында 18 ШОБ субъектісі тексеріліп, 9 бұзушылық анықталды; Есіл ауданында 16 ШОБ субъектісі тексеріліп, 7 бұзушылық анықталды; Сарыарқа ауданында 16 нысан тексеріліп, 4 бұзушылық анықталды. 14 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға жол берген адамдарға қатысты 1080 материал келіп түсті. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы бойынша талап бұзушылықтар) 469 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)