Ерғали Егемберді елорда көшелерінің біріне Қосман Айтмұхамбетовтің атын беруді ұсынды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ерғали Егемберді елорда көшелерінің біріне Қосман Айтмұхамбетовтің атын беруді ұсынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115458239264934.webp)
[caption id="attachment_36146" align="alignnone" width="928"] Фото ашық көздерден алынды[/caption]
Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді бұрын елорда әкімінің орынбасары болған, биылғы жазға дейін өмірінің соңғы жылдары Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған Қосман Айтмұхамбетовтың атына бас қаладан көше беруді ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Орталық саябақтағы шаңғы-роллер жолымен 5 шақырым жүгірдім. Бұл жолды салу идеясы бұрын Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шөкеевке тиесілі екенін көбі біле бермейді. 2004-2006 жылдары жобаны сол кездегі “Астана қала шаруашылығы” АҚ басқарма төрағасы Айтмұхамбетов Қосман Қайыртайұлы іске асырды. 15 жыл бұрын жолдың айналасына жүздеген қарағай отырғызылды, өте ұқыпты жасалған бұл жолда бүгінде мыңдаған қала тұрғыны спортпен айналысады. Елордамыздың орталық көшелерінің біріне барлық саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған Қосман Айтмұхамбетовтің атын беру керек екеніне сенімдімін. Түркістан облысы бұл азаматтың құрметіне көше атапты", – деп жазды Ерғали Егемберді Facebook парақшасында.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)