БҚО мен Жамбыл облысының фермерлері жәрмеңкеге 300 тонна өнім әкелді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
БҚО мен Жамбыл облысының фермерлері жәрмеңкеге 300 тонна өнім әкелді
ашық дереккөз

12-13 қыркүйек күндері «Хан Шатыр» СОО маңындағы алаңда Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Өңірлердегі фермерлер елордаға 287 тонна өнім әкелді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Мұнда сүт және ет өнімдерін, жеміс-жидек пен көкөніс, кептірілген жемістерді, кондитер және макарон өнімдерін алуға болады. Аталған жәрмеңкеде өңірлердегі тауар өндірушілер өз өнімдерін ешқандай делдалсыз ұсына алады. Бұл өнім құнын нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы, сиыр етінің бір келісін 1 900 теңгеге, үйдің сүтінің 1 литрін 180 теңгеге, ал жеміс-жидек пен көкөністердің келісін 100 теңгеден 450 теңгеге дейін алуға болады. Жәрмеңкеге келушілерді еріктілер қарсы алады. Егер оларда медициналық бетперде болмаса, тегін ұсынылады. Айта кетсек, мұндағы 287,6 тонна өнімнің құны 320 миллион теңгені құрайды.

Екатерина Тыщенко