Мамандар МӘМС-ке қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауап берді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мамандар МӘМС-ке қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауап берді
ашық дереккөз

Мамандар әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Сақтандыру мәртебесін қайда және қалай тексеруге болады? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысу мәртебесін немесе сақтандыру мәртебесін бірнеше жолмен тексеруге болады: тегін, атын және әкесінің атын, сондай-ақ ЖСН көрсете отырып  МӘМС Қор сайтында (fms.kz), ҚР ДСМ сайтында, https://t.me/SaqtandyryBot телеграм-боттың көмегімен, немесе egov.kz. порталында. Дербес МӘМС төлеуші деп кім саналады, ол қанша және қайда төлейді? Егер азамат еш жерде жұмыс істемесе, әлеуметтік осал санатқа жатпаса, өзін-өзі жұмыспен қамтушы немесе ЖК болып табылмаса, ол медициналық сақтандыру үшін 1 ЕТЖ-нің 5% немесе 2 125 теңге мөлшерінде жарна төлеуі қажет. Жарналарды әр түрлі жолдармен төлеуге болады - екінші деңгейлі банктер және олардың мобильді қосымшалары, медициналық мекемелердегі жедел төлем терминалдары, «Қазпошта» АҚ филиалдары, Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы. Егер сіз 1 шілдеге дейін МӘМС үшін жарна аударсаңыз, өткен айлар үшін төлеуіңіз керек пе және ол үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар бола ма? Иә. Жеңілдікті кезең алдымен 1 наурызға дейін, содан кейін 1 шілдеге дейін төлемдерді кейінге қалдырды, бірақ оларды төлеу бойынша міндеттемелерді жоймады. Осылайша, «МӘМС туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін Қорға төленбеген кезеңге төлеу күнінің алдындағы он екі айдан аспайтын мерзімде жарналарды төлеуге міндетті. Сондықтан МӘМС пакетін пайдалану мүмкіндігі болу үшін өткен 6 ай үшін жарна төлеу қажет. Бұл ретте дербес төлеушілер үшін МӘМС бойынша берешек үшін өсімақы көзделмеген Егер Сіз жұмыс істесеңіз, бірақ төленбейтін уақытша демалыста болсаңыз, МӘМС үшін өз бетіңізше төлеуіңіз керек пе? Қызметкер үшін аударымдарды жұмыс беруші еңбекақы төлеу қорының 2% мөлшерінде жүргізуі тиіс. Сондай-ақ, жұмыс беруші қызметкерден есептелген жалақының 1%-ын ұстайды. Алайда, коронавирустық инфекция мен карантиндік режимдегі қиын жағдайды ескере отырып, көптеген кәсіпкерлер нөлдік коэффициентпен жұмыс істейді және аударымдар жасауға мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайда сақтандырылмаған болу қаупі жоғары. Уақытша шара ретінде қызметкерлерге жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу ұсынылады. Резидент емес тұлғалар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өз бетінше жарна төлей ала ма? Мүмкін. Бірақ уақытша тұруға ықтиярхаты және ЖСН болмаған жағдайда, мұндай төлеушілер МӘМС пакетінен медициналық көмек ала алмайды. Оған оралмандар мен ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер жатпайды. БЖТ кім төлей алады? Бірыңғай жиынтық төлемді жеке қосалқы шаруашылық қызметкерлері, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері және жыл сайынғы айналымы 1 175 АЕК-тен кем немесе жылына 3,2 млн. теңгеден кем қызметкерлері жоқ кәсіпкерлер төлей алады. Басқа жағдайда, бұл төлемді пайдалануға болмайды. Ел аумағында тұрақты тұратындарды және оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да жарналарды төлеушілер бола алмайды. БЖТ-ны  қандай мөлшерде және қайда төлейді? Осы жылдың сәуір айында АЕК мөлшерінің ұлғаюына қарамастан, БЖТ мөлшері 1 АЕК немесе қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін - 2 651 теңге және басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге деңгейінде қалды. Салық кодексінің 775-бабына сәйкес БЖТ есептеу және төлеу тәртібі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК мөлшері негізінде белгіленеді. Төленген сома келесідей бөлінеді: 30% - зейнетақы қорына, 40% - ӘМС қорына, 20% - әлеуметтік сақтандыру қорына, 10% - табыс салығын төлеуге кетеді. БТЖ төлемін әр түрлі жолдармен төлеуге болады - екінші деңгейлі банктер және олардың мобильді қосымшалары, медициналық мекемелердегі жедел төлем терминалдары, «Қазпошта» АҚ филиалдары арқылы. БЖТ төлемегені немесе уақтылы төлемегені үшін айыппұлдар немесе өсімпұлдар бар ма? Жоқ. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған төлеушілер үшін айыппұл мен өсімпұл қарастырылмаған. Егер сіз БЖТ-ны 1 шілдеге дейін төлемеген болсаңыз, өткен 6 ай үшін төлеуіңіз керек пе? Иә. Жеңілдік кезеңі алдымен 31 наурызға дейін жарамды болды, содан кейін 1 шілдеге дейін төлемдерді кейінге қалдыру ғана болды, бірақ оларды төлеу бойынша міндеттемелерді жоймады. Осылайша, «МӘМС туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алу үшін қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлеу күнінің алдындағы он екі айдан аспайтын мерзімде жарналарды төлеуге міндетті. Сондықтан МӘМС пакетін пайдалану мүмкіндігі болу үшін сізге 1 қаңтардан бастап 2125 теңге мөлшерінде дербес төлеуші ретінде төлем жасау қажет.  Сіз БЖТ төледіңіз, бірақ МӘМС жүйесіндегі мәртебе «сақтандырылмаған» болып шығады. Неге және не істеу керек?  Егер сіз БЖТ үшін алғаш рет төлеген болсаңыз немесе салыстырмалы түрде жақында төлей бастасаңыз, бірыңғай ақпараттық жүйе 2020 жылдың қаңтарынан бастап алдыңғы айлар үшін жарналарды төлегенге дейін «сақтандырылмаған» мәртебесін береді. Яғни, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастаған сәттен бастап. Егер сіз БЖТ-ны жыл басынан бастап үзіліссіз ай сайын төлесеңіз, бірақ бұл ретте сізде «сақтандырылмаған»   мәртебесі болса, Халыққа қызмет көрсету орталығында («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы) төлем өткендігін нақтылау қажет. Көбінесе жарналар төлеу кезінде қате көрсетілген деректер себеп болады. Болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына жүгінуіңіз немесе өтінімді Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жолдауыңыз немесе өз өңіріңіздегі қордың филиалына жүгінуіңіз қажет. Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі? Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді: - Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу); - Емханаларда қызмет көрсету( әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу); - Диагностика және емдеу: әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер), негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық  гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.), айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар. Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет кім үшін жарна төлейді? Әлеуметтік осал санат ретінде анықталған азаматтардың 15 жеңілдік санаты үшін. Бұлар: балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар, жүкті әйелдер, бала/бала тууына, жаңа туған баланы /балаларды асырап алуға байланысты, бала/бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыстағы адамдар, 18 жасқа толғанға дейін мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар, I топтағы мүгедекке бала кезінен күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар), тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II сатылардағы «Ана даңқы» ордені бар көп балалы аналар, мүгедектер, күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын тұлғалар, жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Сіз азаматтардың әлеуметтік осал санатына жататындығыңыз туралы құжаттарды бір жерге тапсыруыңыз қажет пе? Жоқ. Әлеуметтік мәртебе басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен Қордың ақпараттық жүйесіне беріледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі автоматты түрде беріледі. Егер сіз ресми түрде жұмыссыз болсаңыз, бірақ жұмыс тапсаңыз, мемлекет Сіз үшін ақы төлеуді жалғастыра ма? Жоқ. Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз автоматты түрде жалдамалы қызметкерге ауысады және мемлекет Сіз үшін аударымдар жасауды тоқтатады. Сондай-ақ, егер ол ЖК ашса немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлей бастаса, мемлекет ол адам үшін ақы төлеуді тоқтатады. Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар екенін есте ұстағаныңыз жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.   Ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметі негізінде әзірленген