Елордада 13 қыркүйекте қоғамдық көліктер жүрмейді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 13 қыркүйекте қоғамдық көліктер жүрмейді
ашық дереккөз

Жексенбі күні, 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 23:00-ге дейін. Дүйсенбі күннен бастап, 14 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар линияға шығады", - делінген CTS компаниясының хабарламасында. Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.