Елордада отбасылық даулар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде семинар өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада отбасылық даулар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде семинар өтті
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының «уақытша ұстау изоляторы» арнайы мекемесінде “Отбасындағы әкенің ролі” тақырыбында семинар өтті. Шараға Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Г.Т. Шрахметованың ұйымдастыруымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бас маманы Қойшиева Лимана Құттыбекқызы шақырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Семинардың мақсаты - отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту, балалар мен жастарды агрессиясыз мінез-құлыққа бейімдеу және зорлық-зомбылықтың алдын алу. Тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне қатысушылар аса қызығушылық танытып, қажетті ақпарат алғандығына алғысын білдірді. 8 айдың қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған  құқық бұзушылықтардың саны артқан. Отбасылық тұрмыстық жанжал көбінесе алкогольдік ішімдік ішу кезінде орын алады. Осындай іс-әрекеттерді жасауға бейім адамдармен яғни алкоголиктер, нашақорлар, жанжалқойлармен жеке жұмыс күшейтілді.