Елордалық жастарға желідегі уақытты дұрыс пайдалануға арналған медиа-сауаттылық бойынша онлайн-дәріс оқытылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық жастарға желідегі уақытты дұрыс пайдалануға арналған медиа-сауаттылық бойынша онлайн-дәріс оқытылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211552539803251.webp)
Бүгін, 7 қыркүйектен бастап балалар мен жастар үшін медиа-сауаттылық бойынша тегін онлайн-курс басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Оқыту барысында қатысушылар интернет-ресурстарды тиімді пайдалануды үйренеді. Сабақтар Zoom платформасы арқылы екі тілде өтеді. "Біз жұмыс барысында балалардың интернетке тәуелді екенін байқадық. Осыған байланысты бірнеше әлеуметтік тәжірибелер жасадық, балаларға қолжетімді боп кеткен ғаламторды бір сағатқа, 30 минутқа дейін өшіре тұрдық. Бұл шектеу олар үшін оңайға соқпады. Ересектер үшін де бұл сынақ қиын екенін мойындаймыз. Біз таңертең көзімізді ашып, алдымен телефон ұстаймыз, телефонмен ұйықтаймыз. Бұл - интернетке тәуелді екеніміздің белгісі. Біздің мақсатымыз ғаламтордан біржола бас тарту емес, өйткені ол өмірімізге кірігіп кетті. Бірақ біз балаларға желідегі уақытты дұрыс пайдалануды үйреткіміз келеді. Олар тек онлайн отыра бермей, өздері үшін пайдалы оқу курстарын алып, жаңа бір нәрсені үйренгенін қалаймыз. Осы мақсатта аталмыш курсты іске қостық", - дейді Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова. Курс 14 жастан 29 жасқа дейінгі балалар мен жастарға арналған. Оқу бағдарламасына "Медиа және интернет-сауаттылық", "Цифрлық беделді сақтау" және "Интернетке тәуелділіктің алдын алу" сияқты пәндер кіреді. Қатысушыларға интернет, телефон, онлайн, әлеуметтік желілер, fake-news, сандық бедел, YouTube – Google, киберқауіпсіздік туралы дәрістер оқылады. Дәріскерлер ретінде Қазақстанның беделді халықаралық жоғары оқу орындарының ІТ-технология саласындағы тәжірибелі мамандары шақырылды. Сонымен қатар, @restart_social инстаграм парақшасында және ReStart телеграм-каналында ойындар мен шағын конкурстар өтеді, нәтижесінде жеңімпаздар арнайы жүлделерге ие болады. Дәрісті аяқтаған соң, қатысушылар электронды сертификаттар алады. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және “Бірыңғай "Жас Ұлан " балалар мен жасөспірімдер ұйымы” РҚБ қатысуымен өткізіледі.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)