Санитарлық норма: Елордадағы екі сауда үйі тексерілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Санитарлық норма: Елордадағы екі сауда үйі тексерілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115525332890504.webp)
Мобильді топ “Әлем” және “Шапағат” сауда үйлеріне барып, ондағы санитарлық норманың қаншалықты сақталып отырғанын тексерді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Мобильді топ алдымен “Шапағат” сауда үйіне атбасын бұрды. Бұл нысанның бірінші қабатында бірнеше ескерту жасалды. Мәселен, әр дүңгіршек алдында әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимі сақталмады. Бұдан бөлек, сарапшылар әр 50 метр сайын санитайзерлердің болмағанын байқады. Байқоңыр ауданы санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің басшысы Асыл Серәлінің айтуынша, санитайзерлер тұтынушылар мен сатушылар үшін де қолжетімді жерде орнатылуы тиіс.
[caption id="attachment_34767" align="alignnone" width="696"] Фото: Elorda Aqparat[/caption]
“Кіре берістердің бірінде келушілердің қызуы тексерілмейді. Бұған әкімшілік шара қолданамыз. Кодекске сәйкес, ескерту шарасы қарастырылмаған, тек айыппұл санкциясы болады. Айыппұл көлемі нысанның көлеміне байланысты. Егер шағын кәсіп болса, 200-300 АЕК, егер ірі кәсіпорын болса, 1 600 АЕК көлемінде болады”, - деді сарапшы.
Сонымен қатар ол адам көп жиналатын орындарда әлеуметтік қашықтықтың қалай сақталуы керектігін айтты.
“Әкімшілік тұтынушылар санын бақылап отыруы керек. Кіреберістегі күзет те бақылауды күшейтуі қажет. Күзет қызметі залда да бар. Дер кезінде ескерту жасалып, керек болса сатушыларға инструктаж өткізілуі тиіс. Инструктажды бірінші кезекте кәсіпорын әкімшілігі өткізуі керек”, - деді Асыл Серәлі.
[caption id="attachment_34768" align="alignnone" width="696"]
Фото: Elorda Aqparat[/caption]
Сондай-ақ “Әлем” сауда үйінен санитарлық норманы бұзу дерегі тіркелді.
“Мұнда әлеуметтік қашықтық белгілері болмаған және тұтынушылар арасында бетперде тақпаған жағдай кездесті. Санитайзерлер тек кіреберістерде болғанмен, ішкі залдарда орнатылмаған. Жергілікті полиция қызметімен осы жағдайларды талқылап, одан кейін шара қолданатын боламыз. Мұнда "Шапағат" сауда үйімен салыстырғанда санитарлық жағдай жақсырақ. Алайда сатушылардың өздері санитарлық норманы бұзады", – деді Асыл Серәлі.
Оның сөзінше, аталған сауда үйі барлық талапты орындап, ескертулер бойынша жұмыс жүргізуі тиіс.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)