Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы карантиннен кейін жұмысын қайта бастады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы карантиннен кейін жұмысын қайта бастады
ашық дереккөз

Бүгіннен бастап елордадағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы келушілерге қызмет көрсетуде, деп хабарлайды Елорда Инфо. Дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-20:00 аралығында жаттығу орталығы жұмыс істейді. Келушілер саны 20 адамнан аспауы керек және олар алдын алу жазылуы тиіс. Жазылу дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00-12:00 және 13:00-18:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар міндетті түрде медициналық маскамен келу қажет. Вирустық аурулардың алдын алу үшін барлық сақтық шаралары және алдын-алу шаралары қарастырылған.