Елордада 5-6 қыркүйекте жүгіруден онлайн-жарыс өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада 5-6 қыркүйекте жүгіруден онлайн-жарыс өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115532348555020.webp)
#НұрСұлтанпаркchallenge2020: Елордада 5 және 6 қыркүйекте жүгіруден онлайн-жарыс өтеді. Стартты өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта бастауға болады, қатысушы деректері онлайн режимде жазылады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ басқа қалалардың спортшылары мен әуесқойлары #НұрСұлтанпаркchallenge2020 км жүгіруге қатыса алады. Негізгі жарыстар 5 және 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Орталық саябағында, шаңғы-роллерлік трассада өтеді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар жарыстың белгілі бір орынмен шектелмейтінін атап өтті. «Басқа қалада болсаңыз да тіркеліп, арақашықтықты сақтап, бізбен бірге жүгіріңіз. Барлық тіркелген жүгірушілер орналасқан жеріне қарамастан қатысады», - делінген хабарламада. 5 км-де #НұрСұлтанпаркChallengе2020 қатысушысы болу үшін s10.run/tilda/ сілтемесі арқылы «ҚАЗІР ТІРКЕЛУ» батырмасын басып, тіркелуге болады. «Жарыс ережелерін мұқият оқып шығыңыз және S10.run қосымшасына Strava-ға қосылуға рұқсат бар-жоғын тексеріңіз. Егер сіз жарысқа тіркелген болсаңыз, жүйе мұны тағы қайталаған кезде «Сіз жарысқа сәтті тіркелдіңіз, біз сізді стартта күтеміз» жазбасын көрсетеді», - деп түсіндірді ұйымдастырушылар. Стартты өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта бастауға болады, сіздің деректеріңіз онлайн режимде жазылады. Жүгіру тегін. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар беріледі. Толық ақпаратты s10.run сайтынан, сондай-ақ https://www.instagram.com/astanapark инстаграм парақшасынан табуға болады. Жүгірудің бас серіктесі - GASENERGY премиум-класты жанармай құю станциялары желісі. Серіктестер: Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы QazAthletics, «ҚТЖ ҰК» АҚ, Vesti.kz - спортпен өмір сүр! (vesti.kz)» интернет-ресурс желілік басылымы.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)