«Өндіріс» тұрғын алабын абаттандыру жұмыстары аяқталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Өндіріс» тұрғын алабын абаттандыру жұмыстары аяқталды
ашық дереккөз

"Өндіріс" тұрғын алабын абаттандыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо аудандық әкімдікке сілтеме жасап. Биылғы абаттандыру жұмыстарын жүргізудегі баста ерекшелік тұрғын алаптарды көркейтіп, қоғамдық кеңістіктерді заманауи талаптарға сай етіп жасақтауда болды. Мәселен,  бір "Өндіріс" тұрғын алабының өзінде Ақбидай, Кеңшілер, Тайбурыл көшелерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың пайдалануына берілді. «Негізгі мақсат тұрғындардың жайлы демалысын қамтамасыз етіп, жасөспірімдер мен бүлдіршіндердің уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету.Осы мақсатта абаттандыру жұмыстары тұрғындардың тілектері мен өтініштерін ескере отырып жасақталды», делінген хабарламада. Соның ішінде, Ақбидай көшесінде салынған Қоғамдық кеңістікте тұрғындарға арналған арнайы демалыс орны, жасөспірімдерге арналған көп функционалды тренажарлар мен Workout арнайы спорттық алаңдары, бүлдіршіндер ойнайтын қондырғылар жабдықталып, сондай-ақ футбол алаңы салыды. Тұрғындардың өтініштерін ескере келе, баскетбол алаңы аяқталуға жақын.