28 тамыздан бастап елордадағы қоғамдық көлік жұмысы сағат 23:00-ге дейін ұзартылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
28 тамыздан бастап елордадағы қоғамдық көлік жұмысы сағат 23:00-ге дейін ұзартылады
ашық дереккөз

28 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлік қозғалысы сағат 23:00-ге дейін ұзартылады, деп хабарлайды Елорда инфо "City Transportation Systems" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алайда автобус ішіне бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді. Естеріңізге салсақ, бұған дейін жол жүру ақысын көлік картасымен, қысқа нөмірге SMS жіберу арқылы, QR-код сканерлеу арқылы және басқа да қолма-қол төлем жасауға болатынын хабарлаған болатынбыз.