Елордалық аурухана республикалық «ІV Абай оқулары» байқауының жеңімпазы аттанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық аурухана республикалық «ІV Абай оқулары» байқауының жеңімпазы аттанды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді қалалық аурухана ұжымы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауда жеңіп шықты. Байқауға аурхана атынан 11 қызметкер қатысқан, деп хабарлайды Елорда Инфо.  Әлеуметтік желілерде белгіленген хэштегтерге сәйкес, әдемі оқылған шығармаларыңды тыңдап, таңдай отырып жеңімпаздар анықталды. 2020 жылдың 14 мамырынан 20 тамызына дейін созылған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафетасы аяқталды. Осы орайда №2 көпбейінді қалалық ауруханасы медицина қызметкерлері өздері сүйсініп оқитын Абайдың туыдысын әлеуметтік желіде оқып конкурсқа қатысқан болатын. «Абайдың туындысын білмейтін қазақ жоқ шығар. Сондықтан біздің дәрігерлер арасында мұндай эстафета ұйымдастыру қиынға соққан жоқ. Эстафета барысында дәрігерлеріміз өз ісінің білікті маманы ғана емес,сонымен қатар өнерлі екенін байқадық. Осындай өнерлі қызметкерлеріміздің арқасында ауруханамыз биіктерден көрініп, Республикалық конкурстан 1-орын алып жатыр. Ұжым болып қуанудамыз. Лайым Ұлы Абайдың мұрасы ұрпақтан ұрпаққа таралып,көзіміздің қарашығындай сақтала берсін»,-деді №2 көпбейінді қалалық аурухана директорының уақытша міндетін атқарушы Н.Тұрсынбаев.