Нұр-Сұлтанда жүгіруден онлайн жарыс өтеді
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
28-30 тамыз күндері елордада ҚР Конституция күніне орай жүгіруден және веложүгіруден онлайн жарыс өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Белсенді демалыс әуесқойлары Нұр-Сұлтан қаласының кез келген саябағында өздеріне қолайлы уақытта спорттық іс-шараға қатыса алады. Ниет білдірушілерге таңғы сағат 6-дан 21:00-ге дейінгі уақыт аралығында «Strava» қосымшасы арқылы онлайн қатысуға болады. Онлайн жарыс қорытындысы бойынша әуесқойлар мен ардагерлер арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, медаль, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:57
Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды
Бүгін, 11:38
Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды
Бүгін, 08:32
Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады
10 ақпан, 2025
Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді