Елордада бір күнде төрт рет ұрлық жасаған ұры ұсталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада бір күнде төрт рет ұрлық жасаған ұры ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115540519584117.webp)
Елордалық полиция қызметкерлері бір күннің ішінде төрт қалта ұрлығын жасаған 26 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Ұсталған азамат қылмыс жасау үшін әдеттегідей адам көп жиналатын жерлерді таңдаған. Көпшілік жағдайда қоғамдық көліктер немесе сауда үйлері.
Ер адамның тонау және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет соттылығы бар, сондай-ақ бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Ұсталған уақытында ұрланған «Iphone» және «Samsung» маркалы екі телефонды өткізіп үлгерген. Қалған телефондар алынды және иелеріне қайтарылатын болады.
Қазіргі уақытта ұсталушы УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК 188-бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
[caption id="attachment_32769" align="alignnone" width="218"] Фото Полиция департаментінен[/caption]
"Аталған тұлғаның әрекетінен зардап шеккен немесе қандай да бір ақпараттан хабардар болған жағдайда, Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жүгінуді немесе 8 (7172) 71-61-71, 71-62-47,71-60-10, 102, 8-700-797-08-80 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз", - делінген хабарламада.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)