24 тамыздан бастап тағы 20 бағдарға қосымша автобус қосылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
24 тамыздан бастап тағы 20 бағдарға қосымша автобус қосылады
ашық дереккөз

24 тамыздан бастап тағы 20 бағдарға қосымша автобус қосылады. №№ 2, 8, 9, 13, 17, 24, 28, 32, 34, 35, 37, 41, 47, 48, 56, 60, 61, 71, 80, 81 бағдарлары көбейтіледі. Бұл туралы Елорда Инфо CTS компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 24 тамыздан бастап қосымша қалалық бағдарларға 49, ал қала маңына қатынайтын бағдарларға 67 автобус саны артады. Осылай олардың жалпы саны 781 болады. Автобустардың санын көбейту шешімі жолаушылар ағынын талдау негізінде қабылданды. Оның мақсаты – карантиндік шаралардың жұмсартылуына байланысты жолаушылар ағынын азайту. Оған дейін 23 бағдарға автобустар қосылған еді. Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлік жұмысы кешкі сағат 22:00-ге дейін жалғасады. Жолаушыларға автобус ішіне бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Барлық бағдарларда жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді. Балалар валидация жасау міндетті.