Қасым-Жомарт Тоқаев: Наурыз – жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қасым-Жомарт Тоқаев: Наурыз – жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны
ашық дереккөз

«Барша қазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі. Босағамыздан аттаған Жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе әкелсін деп тілеймін! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, құт дарысын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» - деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.