Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай өмірден өтті
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай өмірден өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111983239191192.webp)
ашық дереккөз
«Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай ағамыз өмірден озды деген қаралы хабар естідік... Дүрағамен «Халық сөзі» газетінде бірге қызметтес болдық, ақкөңіл, жан баласына қылдай қиянаты жоқ азамат еді... Қайран, Дүр-ағам-ай! Туған-туыс, достарына, әріптес баршаңызға қайғыға ортақтаса көңіл айтамын. Иманды болсын!», - деп жазды журналист Қуат Әуесбай.
Дүрәлі Дүйсебай – көпшіліке белгілі, қаламы қарымды журналист. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде қарапайым тілшіден бас редактордың орынбасарына дейін ұзақ жыл қызмет атқарған (1981-1996). Кейіннен ҚР Мемлкеттік тергеу комитетінің «Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание» газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлықтарының иегері.
Ұқсас жаңалықтар