Нұр-Сұлтанда Наурыз мерекесіне орай «Бауырсақ party» акциясы өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда Наурыз мерекесіне орай «Бауырсақ party» акциясы өтті
ашық дереккөз

Бүгін елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қала тұрғындарына өздері дайындаған бауырсақтарды тарту етті.   Дәстүрлі акцияға қатысушыларды көктемнің басты мерекесімен ҚР Мәжіліс депутаты Владимир Тохтасунов құттықтады. Ол барлығына денсаулық, бақыт және амандық тіледі. "Ахыска" түрік этномәдени орталығының жетекшісі Әскер Пириев түсіндіргендей, пандемияға байланысты бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізу мүмкін емес, сондықтан  қаланың төрт ауданындағы барлық жүргіншілерге бауырсақ таратылып, ізгі тілектер  жолданды. "Бүгін Наурызды тойлау аясында біз "Бауырсақ party" өткіземіз. Қаланың барлық 4 ауданында өтіп бара жатқандарға бауырсақ таратып, баршаңызды мерекемен құттықтаймыз. Сол арқылы біздің мерекеміз бен ұлттық тағамымызды насихаттаймыз. Бауырсақ-Қазақстан халқының бірлігі факторы. Бүгінде ол бізді барлық уақытта біріктіргендей біріктіреді", - деді ол. Акция елордалық Достық үйінде басталды, ыстық бауырсақтары бар көліктер қаладағы адамдар көп жиналатын орындарға шықты. Ұйымдастырушылар іс-шара ұлттық мерекенің жалпы рухын қолдау мақсатында, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына жағымды көңіл-күй сыйлау үшін өткізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл күні ҚХА мүшелері көмекке мұқтаж 30 отбасына азық-түлік себетін жеткізеді. "Мерекеге орай бір апта бойы көп балалы отбасыларға, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізетін боламыз. Жақында Ақкөлдегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар, кітаптар сыйладық, оларды ұлттық дәстүрлермен таныстырдық", — деді Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктісі Наргизам Махмудова.