Елордада заңсыз салынған кеңсесі бар дүкен сүрілді
Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының шешіміне сәйкес өз бетімен салынған құрылысты бұзуды жүзеге асырды. Бұзылатын кеңсесі бар дүкен 0,3589 га жер учаскесінде орналасқан. Сот орындаушысы борышкерге атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы хабарламаны табыс етті. Орындау барысында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 106 бабына сәйкес, борышкердің мүлкін бұзуды орындау барысында екі куәгер, ішкі істер органдарының қызметкері және өндіріп алушының өкілі қатысты және керекті техникамен құзырлы органдардың қатысуымен откізіліп видеожазба жасалынды.