Қарулы Күштерде «Әскер барысы – 2021» турнирі өтеді
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
"Қазақстан Республикасының барлық күш құрылымдарының қырықтан астам білекті палуандары «Әскер барысы» атағы үшін сайысқа түседі. Турнир финалистері қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алатын болады", – деді ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының төрағасы Айталап Құрғамбаев.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыс көрермендерсіз өтеді. Жанкүйерлер жекпе-жекті Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі орталық спорт клубының (csk.kaz) ресми аккаунттары арқылы онлайн көрсетілім режимінде көре алады. 2018 – 2019 жылдары «Әскер барысы» турнирінің жеңімпазы әскери спортшы ефрейтор Ерасыл Қажыбаев атанғанын айта кету керек. Ол «Қазақстан Барысы» күміс белбеуін екі рет жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар