Қазақстанда кәсіпкерлерді QR-код арқылы сәйкестендіретін болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда кәсіпкерлерді QR-код арқылы сәйкестендіретін болады
ашық дереккөз

Кәсіпкерлерді арнайы QR-код арқылы сәйкестендіретін болады. «Шолып тексеру» пилоттық жобасы көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға және салық мәдениетін арттыруға бағытталған. Пилоттық жобаны 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумағында ҚР-да көтерме және бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлер Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында «Ақпараттық ресурстар» қосымша бетінде штрих-кодты (QR-кодты) алуы тиіс. «Сәйкестендіргіш кәсіпкер туралы мәліметтерді қамтиды. Бұл сатып алушылардың кәсіпкерді сәйкестендіруі үшін қажет. Мысалы, фискалды чек берілмеген, тауарлар үшін төлемді банк картасымен қабылдаудан бас тартылған, алкоголь өніміне лицензия болмаған жағдайда сатып алушы ұялы телефонының көмегімен QR-код арқылы есептелген пилоттық жобаға қатысушы туралы деректерді пайдалана отырып, Мемлекеттік кірістер органдарына шағым жолдауға құқылы», делінген хабарламада. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары бейне тіркеу және фотофиксация құралдарын қолдана отырып жіберілген шағымдар бойынша ғана шолып тексерулі жүргізеді. Бұл ретте, шолып тексеруді жүргізу туралы шешімде көрсетілген шолып тексеруді жүргізу мерзімі басталғанға дейін 3 жұмыс күнінен бұрын Мемлекеттік кірістер органдарының Интернет-ресурсында аталған шешім орналастырылады.