Биыл елордада 1 мыңдай полицей, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар қоныс тойын тойлайды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл елордада 1 мыңдай полицей, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар қоныс тойын тойлайды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211556478294818.webp)
Мыңға жуық полицей, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар жыл соңына дейін қоныс тойын тойлады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санатын көбейттік. Енді бұл қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады. Биыл жалпы алғанда 1 мыңға жуық пәтер беріледі. Іске асыру мәселелері бүгін ҚИК-пен келісілді. Бұдан басқа, кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Сондай-ақ, келесі жылдарға дайындалып жатырмыз, делінген қала басшысының ресми парақшасында. Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)