Әскери спортшылар Римде өткен жарыстың жүлдегерлері атанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әскери спортшылар Римде өткен жарыстың жүлдегерлері атанды
ашық дереккөз

Ауқымды турнирге әлемнің 32 елінен 350-ден астам атлет қатысты. Олардың арасында Олимпиада ойындарының, әлем және Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар. Турнир қорытындысы бойынша 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы Дәулет Ниязбеков жеңіп алса, 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ОСК спорт ротасының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Нұрқожа Қайпанов қола жүлдегер атанды.