Елімізде 11 адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 11 адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмды
ашық дереккөз

Министрлік 12 наурыз күнгі дерек бойынша елімізде коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмғанын мәлім етті. Нұр-Сұлтан қаласы – 1 адам, Алматы қаласы – 1 адам, Алматы облысы – 2 адам, Батыс Қазақстан облысы – 2 адам, Қарағанды облысы – 4 адам, Павлодар облысы – 1 адам қайтыс болды. Ал 14 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде 18 973 адам короновирус инфекциясынан (14 720 КВИ+ және 4 253 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 041 пациент стационарда, 13 932 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 232 адамның жағдайы ауыр; 47 пациенттің жағдайы өте ауыр; 33 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.