Білім басқармасы мектептерде бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау өткізудің ерекшеліктеріне тоқталды
«2-11-сыныптарда бөлім үшін 1 жиынтық жұмыс, пәндер бойынша тоқсан үшін 1 жиынтық жұмыс жүргізіледі, ал 1-сыныптарда бағалау жүргізілмейді. БЖБ 2-11 – сыныптарда 2021 жылғы 1-13 наурыз аралығында, ТЖБ 2-11-сыныптарда - 2021 жылғы 15 наурыздан бастап өткізу ұсынылады», деді Римма Иманғазинова. Білім басқармасы өкілінің айтуынша, БЖБ-ны өткізу мерзімін педагог дербес айқындайды және қажет болған жағдайда екі кезеңде жүргізілуі мүмкін. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін»; «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді және жартыжылдық және оқу жылының соңында «сынақ» («сынақтан өтпейді») қойылады.