Елордалық оқушы Еуропалық математика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық оқушы Еуропалық математика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті
ашық дереккөз

Қыздарға арналған Еуропалық математика олимпиадасы (EGMO) 10 жыл ішінде кеңінен танылды. 2020 жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада қашықтан өткізілді және оған әлемнің 25 елінен оқушылар қатысты. Бұл олимпиадаға Қазақстан 2017 жылдан бері қатысып келеді және осы олимпиадаға қатысқан үш жыл ішінде біздің еліміз 2 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. «Астана дарыны» орталығы дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында өткізетін зияткерлік олимпиадаларда осындай кішкентай жұлдыздар танылады. Солардың бірі - №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Дильназ Уәлиева 2019 және 2020 жылдары алтын және қола медаль иегері атанды, дарынды Дильназ математика бойынша көп еңбек етті. Биыл Дильназ көктемгі мереке қарсаңында, 6-8 наурызда өткізілген қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадаға (EGMO-2021) іріктеу байқауының барлық қатысушылары арасында жеке рейтингіде бірінші болып өтті. Дильназ команда құрамында EGMO олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғайды.