ЕҰУ экономикасы дамып жатқан елдер университетінің топ 351-400 үздігіне енді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ЕҰУ экономикасы дамып жатқан елдер университетінің топ 351-400 үздігіне енді
ашық дереккөз

2021 жылдың 9 наурызында жарияланған нәтижеге сәйкес биыл 48 ел мен аймақтардан 606 университет сараланды. Рейтингті құрастыру барысында Қытай, РФ, Бразилия, Литва, Чехия, Аргентина, Түркия, Малайзия және т.б. сынды елдердің жоғары білім беру орнының қызметіне талдау жасалынды. Университеттер бес бағыт бойынша бағаланды: білім беру қызметі, ғылыми-зерттеу қызметі, дәйексөз алу, білім трансфері, студенттер мен ғылыми-оқытушылар құрамының интернационалдандыру деңгейі. THE (Times Higher Education) – барлық негізгі қызмет бағыттары бойынша қарқынды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін университеттердің ғаламдық рейтингісі. Сондай-ақ Еуразия ұлттық университеті 2021 жылғы Times Higher Education университеттердің 1001+ тобына еніп отыр. 2019 жылы саралау нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Times Higher Education компаниясының нұсқасы бойынша әлемнің жас үздік университетінің үздік 301-350 тобына кірді. Мұнымен қоса, Times Higher Education халықаралық рейтингтік компаниясының қорытындысы бойынша ЕҰУ топ 301-350 үздігіне алғаш рет ілікті.