15 жастағы қазақстандық әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
15 жастағы қазақстандық әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
ашық дереккөз

Бұл сында Қазақстан қоржыны қола жүлдемен толықты. 15 жастағы қазақстандық Анастасия Городко әлемдік сында алғаш рет үздік үштікке енді. Кіші финалда Городко канадалық Софья Гэгнонмен жарысып, қарсыласынан оқ бойы озық болды. Алтын жүлдені ресейлік Анастасия Смирнова, күмісті оның отандасы Анастасия Лазаренко иеленген. Осылайша, Анастасия Городко фристайл-могулдан Қазақстан командасының үшінші медалін жеңіп алды. Кеше Юлия Галышева күміс, Павел Колмаков қола медаль иеленген еді.