Жыл басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөз

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түркіменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды.

1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 17,3%-ды құрайды.