Алтай Көлгінов Бағыстан - 1 және 3 кешенін биыл көктемде қолданысқа беруді тапсырды
Үйлерді салу кезіндегі күрделі мәселелердің бірі - инженерлік желілерге қосылу. Бұл әрі қымбатқа түседі. Үйдің - құрылыс қарқынды жүріп жатқан ауданда орналасқанын ескердік, инженерлік желілер мәселесі жаңадан салынатын үйлер үшін де жедел шешілмек. Құрылысы ұзаққа созылған үйлердің мәселесін шешуге "GLB" үй құрылысы комбинаты да көмектесіп келеді. Комбинат сонымен бірге әлеуметтік үй салуға жұмылдырылды. Сонымен бірге, бұрын құрылысы тоқтатылған Алтын шар - 2, Алтын шар-3 құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтауды тапсырдым. Үй құрылысы комбинатының несие берушілер мен кәсіпорын қызметкерлері алдында шамамен 600 млн теңге қарызы болды. Мемлекеттің қолдауының арқасында бұл сома өтеліп, комбинаттың жұмысы қайта жанданды. Бұл шаралардың барлығы үйлердің құрылыс жұмыстарын жандандыру үшін жасалды. Бір жарым жыл ішінде ұзақ құрылыс саны екі еседен астам азайды. Биыл пәтер кілтін көптен күткен тағы 7 мың үлескерге беруді жоспарлап отырмыз, деп қорытындылады А.Көлгінов.