Елордада 8 наурызда туған сәбилерді құттықтады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада 8 наурызда туған сәбилерді құттықтады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112007446700128.webp)
Халықаралық әйелдер күнінде қала басшылығы көпбейінді ауруханалардың акушерлік блогына барып, мерекеде туған сәбилер мен аналарды құттықтады.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов аналарға әдемі гүл шоғын, әкім атынан құттықтау хаты мен балалар арбасын ұсынды.
«Бүгін - аналар, арулар мерекесі. Біреулеріңіз алғаш рет ана атанып, екіншілеріңіз тағы бір мәрте ана бақытын сезініп отырсыздыр. Шынайы бақыт та, мейрам осы ғой", - деп жылы құттықтады басқарма басшысы.
Аналар мен сәбилерді құттықтауды аудандық әкімдіктер де жалғастырды. Қала басшылығы бақытты аналарды сәбиінің өмірге келуімен қоса, әйелдер мерекесімен де құттықтауды ұмытпады. Бақыт, денсаулық, молшылық тілеп, гүл мен сыйлықтарын ұсынды.
Сағат таңғы 11-ге сәйкес елорда бойынша жалпы 25 бала дүниеге келді. Оның 11-і - қыз және 14 - ұл бала.