Дубай-Нұр-Сұлтан рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирус анықталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Дубай-Нұр-Сұлтан рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирус анықталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112262228341750.webp)
5 наурызда Қазақстан аумағына ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан жалпы саны 29 халықаралық әуе рейсі келген. 4 180 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 864 адам, анықтамасыз 316 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 688 жолаушы, анықтамамен - 2 458, анықтамасыз - 230; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 315 жолаушы, анықтамамен - 1 229; анықтамасыз - 86; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 51 жолаушы анықтамамен келген; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.