Forte Challenger 125 турнирі: үш қазақстандық жұптық сында ширек финалға өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Forte Challenger 125 турнирі: үш қазақстандық жұптық сында ширек финалға өтті
ашық дереккөз

Александр Недовесов сербиялық Виктор Троицкимен бірге ресейліктер Ян Бондаревский – Алибек Кочмазовпен күш сынасты. Қазақстандық-сербиялық жұптың айқын басымдылығымен өткен бәсеке 6:0, 6:1 есебімен аяқталды. Григорий Ломакин украиналық Владислав Манафовпен бірге қарсыластары, индус НСрирам Баладжи және словениялық Блаж Рола кортқа шықпағандықтан, ширек финалға жолдама алды. А.Недовесов – В.Троицки, Д.Попконың серіктесі А.Метревели жарақатына байланысты жартылай финалға өтті.  Тимофей Скатов екінші айналымда аустриялық Себастьян Офнермен шеберлік байқасып, 3:6, 6:7 (4:7) есебімен жеңіліп қалды. Т.Скатов фин Отто Виртаненмен бірге  ресейліктер Богдан Бобров – Евгений Донскойды жеңді.