Елорданың бас санитарлық дәрігері карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорданың бас санитарлық дәрігері карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112266339036002.webp)
ашық дереккөз
Жаңа қаулы бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда базарлардың жұмыс уақыты ұзарды, оның ішінде демалыс күндері де олардың қызметіне рұқсат етілді. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істейтін мекеме қызметкерлерінің саны 50%-ға дейін қысқартылды. Жарияланған құжатта сондай-ақ "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдаланатын бизнес субъектілерінің жұмыс алгоритмі көрсетілген. Айта кету керек, жаңа қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://astana.gov.kz/ru/news/akty_akima_akimata/26450.
Ұқсас жаңалықтар