Әлихан Бөкейхан мұрасын жан-жақты зерделеуге тиіспіз – Аймағамбетов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әлихан Бөкейхан мұрасын жан-жақты зерделеуге тиіспіз – Аймағамбетов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112262234868046.webp)
Сондай-ақ ол Әлихан Бөкейханның білім, ғылым саласы бойынша мазмұнды ойларын жинақтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Алаш арыстарының бәрі дерлік білім саласын жаңғыртудың бастауында тұрды. Бұл ретте Алашорда үкіметін басқарған Әлихан Бөкейхан және білім комиссиясын басқарған Ахмет Байтұрсынұлының ұшан-теңіз қызметі, мұрасы, өсиеті біз үшін рухани темірқазық. Ә.Бөкейханұлының 155 жылдық мерейтойына орай ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру мекемелерінде тиісті шараларды бекітіп, оны өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге ғылыми негізде тиісті зерттеулер және ғылыми жұмыстар өз бастауын алатын болады. Білім және ғылым министрлігі Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойының шеңберінде ғылыми тұрғыда және білім саласында жұмыстар ұйымдастырады», - деді министр.