Қазақстандағы Түркия елшілігі: Қазақ және түрік халықтары арасындағы мызғымас достықтың жалғасуын тілейміз
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандағы Түркия елшілігі: Қазақ және түрік халықтары арасындағы мызғымас достықтың жалғасуын тілейміз](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112268948332950.webp)
«Бүгін Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастарының 29 жылдығын атап өтүдеміз. Тамыры ортақ тарихымыз бен мәдени және рухани байланыстарымызға негізделген түрік-қазақ бауырластығының 30 жылға жуық уақыт бойы нығайып келе жатқанына, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың барлық салада дамығанына ризашылықпен куә болып жүрміз. Дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейін елдеріміз арасында қол қойылған көптеген келісімдер мен хаттамалар қарым-қатынасымыз бен ынтымақтастығымыздың құқықтық негізін қалады. Дос және бауырлас ел - Қазақстанмен қарым-қатынасымыз өзара сенім мен ынтымақтастық негізінде тез дамып, бүгінгі күні көп өлшемді стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді», - делінген құттықтау жолдауында. Хат мәтінінде екі ел арасындағы қарым-қатынас саяси салада дамып қана қоймай, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, мәдени сынды кең ауқымды салалардағы жетістіктер бір-біріне одан әрі жақындастыра түсіп жатқаны айрықша аталып өтті. «Түркиядан Қазақстанға құйылған инвестицияның жалпы көлемі 3,2 млрд. АҚШ долларын құрады. 2020 жылы пандемия жағдайына қарамастан екіжақты сауда айналымы 3 млрд доллардан асып түсті. Бұл көрсеткішті алдағы уақытта 5 млрд доллар, кейін 10 млрд долларға жеткізу, сондай-ақ бірлескен инвестицияларымызды сапалық және сандық жағынан ұлғайту біздің ортақ мақсатымыз болып отыр. Елдеріміздің арасындағы білім және мәдени қатынастар да халықтарымыздың бір-бірін жақсырақ тануға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 5000-ға жуық қазақ студенті елімізде «Түркия стипендиялары» бағдарламасы аясында бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім алды», - дейді Түркия елшілігі. Екіжақты деңгейде де көпжақты платформаларда да елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікке негізделген тығыз ынтымақтастығымыз өңірлік тұрақтылық, бейбітшілік және өркендеуге маңызды үлестер қосуда. «Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, түрік және қазақ халықтары арасындағы мызғымас достықтың әрдайым жалғасуын тілеп, Қазақстан халқына гүлдену, тыныштық пен амандық тілектерімізді ұсынамыз», - деп қорытындылады.