Елорда әкімдігі жанындағы жедел штабқа өтінішті қалай жіберуге болады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда әкімдігі жанындағы жедел штабқа өтінішті қалай жіберуге болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122741920060361.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі жедел штабқа өтініштерді тек ресми арналарға келесі тәсілдермен жіберуге болады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Олар:
- ccc@astana.kz;
- Әкімдіктің ресми сайты: astana.gov.kz;
- Telegram чат-бот (t.me/nursultanikomek109_bot);
- Ikomek109 (PlayMarket / AppStore) мобильдік қосымшасы;
- Smart Astana (PlayMarket/AppStore) мобильдік қосымшасы.
Карантин және ТЖ мәселелері бойынша консультацияларды iKOMEK109 жедел желісі бойынша - 1-0-9 нөмірі арқылы алуға болады. Жеке мәселелер (жерлеу рәсімі, емдеу және т.б.) бойынша карантин аумағында тұрып жатқан азаматтар өтініш бере алады. Онда өтініш берушінің толық аты-жөні, ЖСН, өтініш беру себебі, тұлғанының жеке басын куәландыратын құжаттар және кері байланыс нөмірі міндетті түрде көрсетілуі қажет. Басқа email, телефон нөмірлері жарамсыз саналады! Чаттарда жалған ақпарат тарап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарындағы ресми хабарламаларға ғана сенуді сұраймыз.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)