Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122756398213.webp)
13 сәуірден бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирусты анықтайтын тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Мемлекеттік комиссия шұғыл штабының мәліметінше, тестілеуден өту үшін келесі іс-әрекеттерді жасау қажет: 1️.Тест тапсыру үшін пациент www.cdl.kz сайтында сауалнама толтыруы керек; 2️. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдарды эпидемиологиялық көрсеткіштері негізінде іріктейді; 3️. Бекітілген тізімдер «Олимп» КДЗ-ға жіберіледі; 4️. Бекітілген тізімдегі пациентке байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге, қай уақытта келу керектігін айтып, келушілерге қойылатын талаптар мен анализ тапсыру ережелерін түсіндіреді; 5️. Оператор нұсқаған процедуралық кабинетке маска киіп, жеке куәлікті алып, кешікпей келу керек; 6️. Кезекте тұрған адамдар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс; 7️. Процедуралық кабинетте тіркеледі, кейін коронавирусқа экспресс-тест алынады; 8️. Анализ қорытындысы сауалнамада көрсетілген поштаға жолданады. Пациенттің температурасы байланыссыз өлшеу құралымен жүргізіледі. Дене қызуы көтеріліп тұрған адамнан анализ алынбайды. Оператордың қоңырауынсыз, өздігімен процедуралық кабинетке келуге болмайды. Экспресс-тестілеу арнайы процедуралық кабинеттерде өткізіледі, ол жерде басқа анализдер алынбайды. Бұл шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)