Қашықтан оқыту мен шығармашылық бір-біріне үйлесімді ме

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қашықтан оқыту мен шығармашылық бір-біріне үйлесімді ме
ашық дереккөз

Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар барша әлемдегі ата-аналар қашықтан оқыту мәселесіне тап болды: тапсырмалардың көп мөлшері, уақыттың жетіспеушілігі, материалды өзіндік оқып, зерделеу. Алайда, «Астана Опера» балалар хоры ниет, тәртіп пен позитивті ойлауға ие бола отырып, шығармашылық үшін де уақыт табуға болатындығын дәлелдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Астана Опера» балалар хорының жетекшісі Алтынғаным Ахметова студия тәрбиеленушілерінің күн тәртібі қалай ұйымдастырылғанын айтып, карантин уақытында жақсы қалыпта қалудың қиын ба, жоқ па екендігінен сыр бөлісті. - Алтынғаным, жақында ғана кішкентай әртістеріңіз қандай туындыны онлайн орындады, сіздер қалайша дайындалдыңыздар, себебі карантин кезінде уақыт шекарасы да жойылып, белгіленген сағатта барлығының басын қосу қиындық тудырады ғой? - Біз Ж.Бизенің «Кармен» операсының бірінші бөлімінен үзіндіні орындадық. Дайындық қашықтан өткізілді, өкінішке орай, баршамыздың бір мезетте жиналып, хормен дайындалуымызға мүмкіндік беретін бағдарламалар жоқ. Түрлі интернет қосымшаларын пайдаланып, солар арқылы файлдарды жібереміз. Балалардың бәрі үй тапсырмасын алып, солармен жұмыс жасайды, ән шырқайды, кейін өздерінің аудио немесе бейнефайлдарын маған және әріптесім Әйгерім Макибаеваға жолдайды. Балалармен кері байланыстамыз, өз жұмыстарында кейбір сәттерді түзету үшін оларға ұсыныстарымызды жолдаймыз. - «Қашықтық форматындағы» шығармашылыққа ата-аналардың көзқарасы қандай? - Оң пікірде, себебі балалардың уақытын ұйымдастыру оңайға түспейді, баланы үнемі бір нәрсеге баулу керек, ал музыка жан дүниең үшін де, өзің үшін де өте пайдалы. Әрине, онлайн-оқыту басталған кезде күрделірек болды. Дегенмен, негізгі күш жалпы мектептік бағдарламаға түседі. Хор бойынша тапсырмалар каникул кезіндегідей жылдам орындалған жоқ. Әйтсе де, балалар театрдың не екенін әрі сахна алдындағы жауапкершілікті жете түсінеді, өздерінің көрермен алдында арқалаған жауапкершілік жүгін ұғынады, оған қоса музыка – қазіргі сәтте бәрімізді біріктіре алатын құралдардың бірі екенін біледі. Қазіргі уақытта өздерінің қашықтан оқып жүргендеріне қарамастан, олар берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, бұл жобаның, яғни біз үлкен аудиторияның талқысына ұсынған роликтің мәнін түсіне білді. Олардың әрқайсысы қатемен жұмыс жасап, өз нәтижелерін жақсарту үшін біздің пікірімізді асыға күтті. - Қазір жаңа нәрсені үйреніп жатырсыздар ма? - Біз Джакомо Пуччинидің «Тоска» операсын талдап жатырмыз, осы маусымда аталған спектакльді шамамен жазғы кезеңде орындауды жоспарлап отырмыз, сондықтан қысқы уақытта оқушылар көп дүниені ұмытып қалды. Сөзсіз, бұл спектакльді білетін құрам да бар, бірақ ұжымның жаңартылған бөлігі де бар – балалар өседі, көшеді, басқа қалаларға оқуға кетеді, сол себепті әр маусымда ұжымда балалардың шамамен қырық пайызы жаңаланады. Дәл осындай балалармен қазіргі кезеңде өте белсенді жұмыс жасап жатырмыз. - Балаларға психологиялық жағынан көмектесіп, оларға демеу көрсетесіздер ме? - Біздің жалпы тобымыз бар, онда әдетте, тіпті карантин болмай тұрғанда да, спектакльдердің дайындықтарына қатысты сұрақтарды, сондай-ақ ұйымдастыру мәселелерін талқылаймыз, алайда жеке хабарламалар арқылы сөйлесіп, балаларды міндетті түрде демеп отырамыз. Балалардың қолынан кейбір дүниелер келмей жатқанда, әрине көңіл-күйлері түседі, сондай кездерде бала қамықпай, керісінше шабыттануы үшін қол ұшын созамыз. Қазір балалар тұйық кеңістікке қамалған уақытта олардың психикасы айтарлықтай әлсіздей түскен, сондықтан әр баламен жеке-дара барынша жайлап жұмыс жасауға тырысамын. - Оқушылардың оқуға деген ынтасы қандай? - Көпшілігі сағынғандығын, ән шырқағылары келетіндігін жазады. Қазір еркіндік жоқ: олар кез-келген уақытта ән сала алмайды, себебі ата-аналары үйде жұмыс жасауы мүмкін немесе көршілерінің кішкентай баласы болуы мүмкін. Барлық отбасының тұйық кеңістікте қамалуы шығармашылыққа толығымен берілуіне кедергі келтіреді. - Олардың ішінде «қатардан шығып қалғандары» бар ма? - Әзірге ондай балалар жоқ. - Алда жазғы демалыс, балалар студиясының кішкентай әртістері демалады ма, әлде өз жаттығуларын жалғастырады ма? - Біз театрдың репертуарлық жоспарына бағыныштымыз, егер жазғы демалыс кезінде спектакльдер қойылған болса, біз келіп жұмыс жасаймыз. Егер спектакльдер болмаса, онда балаларға демалыс беруге тырысамыз. - Оқыту барысында қандай қиындықтарға тап боласыздар және оларды қалай жеңесіздер? - Ұжым болғандықтан, сахнадағы орындауымыз да ұжымдық болып табылады, сондықтан жалпы дайындықтарсыз материалды талап етілетін тиісті деңгейде әзірлеу мүмкін емес. «Тоска» операсымен біз бастапқы дайындық жұмысын жасадық, бірақ балалар бір-бірін тыңдап, бәрін мінсіз бірге жасай алуы үшін бізге бірлескен дайындықтар қажет. Сөзсіз, барлығымызға жанды қарым-қатынас жетіспейді. - Қазақстандық оқушылардың ата-аналарына беретін кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңыз. - Сабыр тілеймін, себебі біз қиындықтарға тап болдық және барлығы бұл қиындықтардың уақытша екендігін түсінеді. Өздеріңізге қуаныш әкелетін дүниелермен айналысуға тырысыңыздар. Отбасында әркімнің өз міндеттері бар, дегенмен, кішкентай ғана қуаныш бізді құтқаруы мүмкін, себебі олар бізге күш-қуат пен осы қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді.