Студенттер мен оқушылары үшін «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы ұйымдастырылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Студенттер мен оқушылары үшін «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы ұйымдастырылады
ашық дереккөз

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ демалыс кезеңінде (16-18 жас) студенттер мен жалпы білім беретін жоғары сынып оқушылары үшін «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасын ұйымдастырады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жұмыспен қамту орталығына келесі мекен жайы бойынша хабарласа алады: Бейбітшілік к-сі 25, «Өркен» ІО, 1 қабат. ⠀ Қажетті құжаттар:

  1. жеке куәлік;
  2. оқу орнының оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға жазбаша келісімі (каникулдардың басталу күні мен аяқталу күнін көрсету қажет);
  3. 18 жасқа толмаған тұлғаларға ата-анасының біреуінің не заңды өкілдерінің жазбаша, яғни аталған жұмыс баланың денсаулығына зиянын келтірмейтіндігі туралы келісімі болуы керек (Жұмыспен қамту орталығында жазбаша келісімге қол қою барысында ата-анасының біреуі болуы қажет);⠀