Нұр-Сұлтанда қыштан түрлі бұйымдар жасайтын әлеуметтік-инклюзивтік коворкинг-орталығы ашылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда қыштан түрлі бұйымдар жасайтын әлеуметтік-инклюзивтік коворкинг-орталығы ашылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211585576833707.webp)
Нұр-Сұлтан қаласында «Astana» ӘКК» АҚ-ның қолдауымен қыштан түрлі бұйымдар жасайтын шеберхана үшін екінші әлеуметтік-инклюзивтік коворкинг-орталығы ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Орталықтың мақсаты – ерекше балаларға өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыруды, көпшіл болуға баулуды және саздан ерекше бұйымдар жасауды үйрету. «Қыш ісі бойынша сабақтың ерекшелігі – ұсақ моториканы дамытады, шыдамдылық пен төзімділікті арттырады, қимыл-қозғалыс координациясын жақсартады. Шеберханада бір қыш шеңбері мен бұйымдарды күйдіруге арналған пеш орнатылған, сондай-ақ сабаққа қажетті барлық заттар бар», деп көрсетті «Astana» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі. Орталықтың ашылуында саздан түрлі бұйымдарды мүсіндеу мен өңдеу бойынша байқау сабағы өтті. Барлық қатысушылар қыш ісі туралы көп мәлімет алды, баға жетпес тәжірибе жинақтады.
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)