Байқоңыр ауданындағы бірқатар аула жаңартылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Байқоңыр ауданындағы бірқатар аула жаңартылды
ашық дереккөз

Байқоңыр ауданындағы бірқатар ауланың жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Республика даңғылы, 6 және С.Сейфуллин көшесі, 65 мекенжайларындағы жаттығуға арналған және ойын жабдықтарын орнату жұмыстары аяқталды. Бұл аулаларда жасанды көгалдарды төсеу жұмыстары да жүргізілді. Сондай-ақ С.Сейфуллин көшесі, 33 және Кенесары көшесі, 42 мекенжайлары бойынша спорт алаңдарын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.⁣⁣ Алдағы уақытта бұл алаңдар аула тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналады деген сенімдеміз", – делінген хабарламада.